Таяу Шығыстағы қақтығыста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ - СІМ

02.10.2024 18:09

Израильде 122 Қазақстан азаматы консулдық есепте тұр

"Таяу Шығыстағы қақтығыстан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ". Еліміздің Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Израильде 122 Қазақстан азаматы консулдық есепте тұр. Ал Иранда – 102 адам, Ливанда 139 отандасымыз тұрақтаған. Аталған аймақтардағы жағдайды министрлік назарда ұстап отыр. Осы елдегі қазақстандықтар үшін жедел желі де іске қосылған. Мұнымен қоса қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтуге нұсқаулық берілді.

"СІМ арнайы штаб құрып, қазақстандықтарға қажетті көмекті көрсету үшін барлық жұмысты жедел ұйымдастырып жатыр. Қазақстанның Ирандағы, Израильдегі елшіліктері осы елдердің уәкілетті өкілдерімен тұрақты байланысып отыр. Қазақстан Республикасының зардап шеккен немесе қаза тапқан азаматтары туралы ақпарат жоқ", – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті