Жергілікті басылымның мәліметінше,автомагистральдің жанына электр кабелі құлаған
Испанияның Альмерия провинциясында 9 шілдеде басталған орман өртінен кем дегенде 12 адам қаза тапты. Бұл туралы El País газеті Андалусия автономды бірлестігінің дерегіне сүйене отырып жариялады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Басылымның мәліметінше, автомагистральдің жанына электр кабелі құлаған, өрттің шығуына осы жағдай себеп болуы мүмкін деп болжануда. Көп ұзамай от жақын маңдағы орман алқабына жайылған.
Өртті сөндіруге 300-ге жуық адам, соның ішінде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен төтенше жағдайлар бөлімшесінің әскери қызметшілері жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: Халықаралық астероид күні неліктен бүкіл әлемде атап өтіледі