Тойға барамыз деп автобусқа мінген 22 адам көз жұмды
Depositphotos.com
Қалыңдық аман қалған, ол бірнеше жарақат алып, ауруханада жатқаны айтылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Пәкістанның солтүстігінде тойға бара жатқан қонақтар мінген автобус апатқа ұшырап, 22 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Dawn телеарнасы құтқару қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.
"Сейсенбіде Гилгит-Балтистанның Диамер ауданында 22 адам мінген автобус өзенге құлап, суға батып кетті. Көлік той кортежінің бір бөлігі болған", - делінген хабарламада.
Қалыңдық аман қалған, ол бірнеше жарақат алып, ауруханада жатқаны айтылады. Пәкістан президенті Асиф Али Зардари қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
Оқи отырыңыз: Қытайда ер адам көлікпен көпшілікті қағып кетті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
21.11.2026 15:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
21.11.2026 09:09
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
21.11.2026 16:54
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
21.11.2026 12:54