Тойға барамыз деп автобусқа мінген 22 адам көз жұмды

14.11.2024 08:40

Қалыңдық аман қалған, ол бірнеше жарақат алып, ауруханада жатқаны айтылады

Depositphotos.com

Пәкістанның солтүстігінде тойға бара жатқан қонақтар мінген автобус апатқа ұшырап, 22 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Dawn телеарнасы құтқару қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

"Сейсенбіде Гилгит-Балтистанның Диамер ауданында 22 адам мінген автобус өзенге құлап, суға батып кетті. Көлік той кортежінің бір бөлігі болған", - делінген хабарламада.

Қалыңдық аман қалған, ол бірнеше жарақат алып, ауруханада жатқаны айтылады. Пәкістан президенті Асиф Али Зардари қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Оқи отырыңыз: Қытайда ер адам көлікпен көпшілікті қағып кетті