Түркияда жер сілкінісі тіркелді

27.10.2025 11:46

Абырой болғанда, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

Depositphotos

Қара теңіздің Ыстанбұл маңындағы аумағында магнитудасы 3,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасы (AFAD) таратқан мәліметке сәйкес, зілзаланың эпицентрі Ыстанбұлдың солтүстік-батыс бағытында, жағалаудан шамамен 16 шақырым қашықтықта, 13 км тереңдікте орналасқан.

Ал Кандилли сейсмологиялық обсерваториясы дүмпудің магнитудасын 3,9 балл деп бағалады.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен 19:44-те (Астана уақытымен 17:44) тіркелген. Оны мегаполистің бірнеше аудан тұрғындары сезінген.

Абырой болғанда, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында үрей байқалмаған.

Оқи отырыңыз: Алматыда құтқарушылар 16 жастағы туристі 4000 метр биіктіктен аман-есен түсірді