Түркиядағы өрт: кей аймақта ауа температурасы 50 градусқа жетті

28.07.2025 14:35

Қытайдың Пекин қаласында су тасқынының қызыл деңгейі жарияланды

Almaty.tv

Түркиядағы алапат өрттен 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның дені құтқарушылар мен орман қызметінің мамандары. Қазір өрт сөндірушілер Чавушлар ауылының маңында тілсіз жаумен күрес жүргізіп жатыр. Ал Мерсин және Карабүйүк өңірінен шамамен 1300-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ресми дерекке сәйкес, ел аумағында 84 ірі өрт ошағы тіркеліпті. 3 мың гектар алқап отқа оранған. Мамандар орман өртіне аптап ыстық себеп болғанын айтты. Елдің кей қалаларында ауа температурасы 50 градусқа жеткен.

Ал Қытайдың Пекин қаласында су тасқынының қызыл деңгейі жарияланды. Көршілес елде нөсер жауын салдарынан Миюнь су қоймасындағы су деңгейі көтеріліп кеткен. Бұл 60 жылдан кейін қайталанып отырған жайт. Тілсіз жау екі адамның өмірін жалмады. Тағы екеуі хабар-ошарсыз кеткен. Қазір көрші елдегі 17 өзен арнасынан асты. 11 өңірде жағдай қиын. 3000 адам қауіпсіз жерге көшіріліпті. Әзірге туристік аймақтар жабық. Себебі елдің басым бөлігінде жауын-шашын әлі де болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматыда 28 шілде мен 3 тамыз аралығында ауа райы қандай болады