Түркияның батысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды

25.04.2025 11:00

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ

Youssef Mohamed/unsplash.com/

Түркияның батысындағы Кютахья қаласында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасы (AFAD) мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 07:23–те (Қазақстан уақытымен 09:23) қаланың батысындағы Симав ауданында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 8,81 км тереңдікте орналасқан.

"Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Құтқарушылар алдағы күндері тауға шықпауға кеңес берді