Тынық мұхитындағы елде алғаш рет банкомат пайда болды

Timeo Buehrer/unsplash.com/
Timeo Buehrer/unsplash.com/

Бұған дейін жалақы төленетін күндері қызметкерлер банкте ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Әлемдегі ең шалғай елдердің бірі Тувалуда алғаш рет банкоматтар орнатылды. Бұған дейін Тынық мұхиты аралының тұрғындары электронды банкингке қол жеткізе алмаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Британиялық The Guardian басылымының хабарлауынша, банкоматтардың орнатылуы Фунафути аралындағы Ваиаку ауылында салтанатты рәсіммен атап өтілді. Іс-шараға премьер-министр Фелети Тео және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қатысты. Алғашқы банкоматтар Тувалу Ұлттық банкінің бас кеңсесінде орнатылды.

Бұған дейін елде барлық қаржылық операция тек қолма-қол ақшамен жүргізіліп келген. Жалақы төленетін күндері қызметкерлер банкте ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болған, ал банк сағат 14:00–ге дейін ғана істеген көрінеді. Азық-түлік, қонақүйде тұру және түрлі қызметтердің ақысы үнемі қағаз ақшамен төленетін.

Болашақта әр ауылда және әуежайда қосымша банкоматтар орнату жоспарда бар. Тұрғындарға банк карталары беріледі. Бұл ретте онлайн-банкинг қызметтері  алғашқы кезде «адамдар үйренгенше» тегін ұсынылады деп түсіндірді премьер-министр. Бес банкомат пен 30 төлем терминалын орнатуға 1,9 миллион доллар жұмсалды.

Оқи отырыңыз: Атырау қаласының маңында жүк көлігі аударылып, цистернадан мұнай төгілді

Новости партнеров