Кептелістен тағы 34 адам түрлі жарақат алған
Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында орналасқан Харидвар қаласында діни шара кезінде болған дүрбелең салдарынан сегіз адам қысылып көз жұмған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы The Times of India басылымының жазуынша, адам кептелісінен тағы 34 адам түрлі жарақат алған.
Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға Манса Деви храмы маңында болған. Тау басында орналасқан бұл киелі орынға мыңдаған адам жиналған. Алайда храмға апарар тар баспалдақта адамға лық толы болған кезде электр сымдарының бірінің құлап, соның салдарынан дүрбелең басталып кеткен.
Жиналған жұрт бірін-бірі таптап, жан-жаққа қаша жөнелген кезде кептеліс болып, бірнеше адам оқиға орнында қысылып көз жұмған.
Қазір оқиға бойынша полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Үндістанда діни рәсімдер кезінде адамдар көп жиналатындықтан, осындай қайғылы жағдайлар жиі тіркеледі. Биылдың өзінде елде діни шаралар кезінде туындаған 50-ге жуық қысым мен дүрбелең оқиғасы тіркелген.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да аударылып кеткен қайықтағы адамдар құтқарылды