Үндістанда жүк көлігі жаяу жүргіншілерді қағып, 13 адам қаза тапты

18.10.2026 12:54

Жол апатынан тағы 40 адам жарақат алған

kashmirobserver.net

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатындағы Гвалиор қаласында жүк көлігі ғибадатханаға бара жатқан адамдарды қағып, кемінде 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Press Trust of India ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жергілікті полиция басшысы тағы 40 адамның жарақат алғанын мәлімдеген. 

Жол-көлік оқиғасы жексенбіге қараған түні Шитла Мата ғибадатханасының маңында болған.

Полиция мәліметінше, жүргізуші жүк көлігіне ие бола алмай, жол бойында тұрған және отырған адамдарды қағып, кейін ғибадатхана қабырғасына соғылған.

Зардап шеккен бірнеше адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Сегіз елде 12 концерт: Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік туры басталды

Толық көрсету