Үндістандағы ауылды сел басып, төрт адам қайтыс болды

стоп кадр
стоп кадр

Жедел іздестіру-құтқару жұмыстары үшін аймаққа армия бөлімшелері, Ұлттық (NDRF) және Мемлекеттік төтенше жағдайларға әрекет ету күштері (SDRF) жіберілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында орналасқан Дхарали ауылында болған сел салдарынан кемінде төрт адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ауыл орналасқан Уттаркаш округінің судьясы Прашант Арья төтенше су тасқыны салдарынан төрт адамның мерт болғанын растады.

"Ауданға сел түріндегі қуатты су тасқыны тиді. Қазір біз адам өмірі мен мүлікке келген залалдың ауқымын бағалап жатырмыз", — деді Арья.

Оның айтуынша, жедел іздестіру-құтқару жұмыстары үшін аймаққа армия бөлімшелері, Ұлттық (NDRF) және Мемлекеттік төтенше жағдайларға әрекет ету күштері (SDRF) жіберілді.

Үндістанның метеорологиялық қызметі 10 тамызға дейін Уттаракханд аумағында, әсіресе таулы өңірлерде, қатты жауын-шашын жалғасатынын ескертті.

Оқи отырыңыз: Оңтүстікте егіс алқаптарын суаруға жоспарланған су көлемінің 80%-дан астамы алынды

 

Новости партнеров