Вьетнамда су тасқыны салдарына қаза тапқандар саны 55-ке жетті

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Тағы 13 адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Вьетнамның орталық өңірлерінде бірнеше күн бойы толастамаған нөсер жаңбыр, су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан 55 адам көз жұмды, тағы 13 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, елдің төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық басқармасы аймақта бір апта ішінде 1900 мм-ден астам жауын-шашын түскенін, бұл көрсеткіш нормадан бірнеше есе жоғары екенін мәлімдеген.

Орталық Вьетнам - елдің маңызды кофе өндіріс аймағы және көптеген турист тартатын курорттық өңір. Алайда бұл аймақ жыл сайын тропикалық дауылдар мен су басу қаупіне жиі ұшырайды.

Табиғи апаттан ең көп зардап шеккені - Даклак провинциясы, мұнда 27 адамның қаза болғаны расталды. Кханьхоа провинциясында тағы 14 адам мерт болған.

Үкіметтің алдын ала бағалауынша, су тасқынынан келген материалдық шығын 8,98 триллион донгты (шамамен 341 млн АҚШ долларын) құрап отыр.

Вьетнамның табиғи апат салдарын жою агенттігінің дерегінше, 235 мыңнан астам үйді су басқан, сондай-ақ 80 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы алқаптары бүлінген.

Оқи отырыңыз: Содырлар мектепке шабуыл жасап, 300-ден астам баланы ұрлап әкеткен

Новости партнеров