Венесуэлада жойқын жер сілкінісі болды

25.06.2026 12:06

Елде төтенше жағдай режимі енгізілді 

Depositphotos.com

АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, екінші жер сілкінісі біріншісінен кейін бір минутқа жетер-жетпес уақытта болған, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Nege Media-ға сілтеме жасап.

Венесуэлада қазірдің өзінде адам шығыны мен материалдық залал ауқымды болуы мүмкін деп болжанып отыр. Геологиялық қызмет қаза тапқандар саны 10 мыңнан 100 мың адамға дейін жетуі мүмкін деп бағалауда.

Елдің уақытша президенті Дельси Родригес жерасты дүмпуі салдарынан 32 адам қаза тауып, 700 адам жараланғанын мәлімдеген. Алайда әзірге қатты зардап шеккен Ла-Гуайра штатындағы құрбандар саны бұл есепке алынбаған.

Сондай-ақ Родригес елде төтенше жағдай режимі енгізілгенін хабарлады. Бұған қоса, жерасты сілкінісінен келген зақымдарға байланысты Каракас халықаралық әуежайы жабылған.

Родригес жер сілкінісіне байланысты жасаған мәлімдемесінде, ондаған ғимарат қирап қалғанын, мүмкіндігінше көп адамның өмірін сақтап қалу үшін өте ауқымды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Еуропа аптап ыстықтан зардап шегіп жатыр