Бүгін ұстаздар мерекесі: Қазақстанда 600 мыңға жуық педагог жұмыс істейді

05.10.2026 09:05
Из архива Almaty.tv

Бүгінде Қазақстанның білім беру жүйесінде 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Оның ішінде мектептерде – 420 мыңға жуық, мектепке дейінгі ұйымдарда – 104 мыңнан астам, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 42 мыңға жуық маман жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Қазақстанда Мұғалімдер күнін қазан айының бірінші жексенбісінде атап өту дәстүрі болған.
 
2023 жылы Үкіметтің шешімімен мерекенің датасы өзгертіліп, ол қазанның тұрақты күніне – 5 қазанға ауыстырылды. Осылайша, мереке ЮНЕСКО 1994 жылы бекіткен Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен біріктірілді. Бұл күн әлемнің 100-ден астам елінде аталып өтеді.

Толық көрсету