3 балдан астам жер сілкінісі Ярдымлы және Жалилабад аймақтарында сезілді
Әзербайжан-Иран шекарасындағы аудандарда жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жер сілкінісін зерттеу бюросының мәліметі бойынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 03:53-те Ярдымлы станциясынан солтүстікке қарай 16 шақырым жерде Әзербайжан-Иран шекарасында (Иран аумағында) магнитудасы 3,6 болатын жер сілкінісі тіркелді. 3 балдан астам жер сілкінісі Ярдымлы және Жалилабад аймақтарында сезілді. Жер сілкінісінің ошағы 25 шақырым тереңдікте болды.
6 қаңтар күні сағат 23:22-де дәл осы ауданда магнитудасы 3,6 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Дереккөз: АЗЕРТАДЖ
Оқи отырыңыз: Самара маңындағы жол апатынан екі қазақстандық қаза тапты