Қазақстанда коронавирус вакцинасының I компонентін 6,4 млн адам салдырды

26.08.2021 в 14:09

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдырғандарға қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

2021 жылғы 26 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус вакцинасының I компонентін 6 466 823 адам, II компонентін 5 152 752 адам салдырды.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 849 987 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 701 114 адам екінші компонентін салдырған.