Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Президент халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады», – деп жазды Берік Уәли.