Израильде 5-11 жас аралығындағы балалар Pfizer вакцинаcын ала бастады

24.11.2021 13:56

Вакцинацияның алғашқы күні келушілер саны аз болғандықтан премьер-министр басқа ата-аналарға үлгі көрсетіп ұлына екпе салдырды

mobile-business.by

Елдегі 5-11 жас аралығындағы балалар Pfizer вакцинаcын ала бастады. Вакцинацияның алғашқы күні келушілер саны аз болғандықтан премьер-министр басқа ата-аналарға үлгі көрсетіп ұлына екпе салдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Израильдің денсаулық сақтау министрлігі балалар еш қиындықсыз мобильді екпе пунктерінде вакцина салдыра алатындай жағдай жасайтынын мәлімдеді.


Елдің премьер-министрі Нафтали Беннет жастар арасында ауру жұқтыру қауіпі жоғары екенін ескертті.


Қазіргі уақытта Израильде тәулік бойынша ауру жұқтырғандардың қатары азайып келеді. Алайда, денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауру жұқтыруышылардың басым көпшілігі 5 пен 11 жас арасындағы балалар.