Қазақстанда коронавирус вакцинасының 2-компонентін 5 млн адам салдырды

23.08.2021 14:55

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында

baq.kz

Елімізде коронавируспен вакцинасын салдыруға қатысты 23 тамыздағы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда I компонентпен 6 369 263 адам вакцина салдырды, II компонентпен 5 013 064 адам алды.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 840 844 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 680 997 адам екінші компонентін салдырған.