2021 жылдың 22 сәуір күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 698 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 613 симптомдық белгілері бар және 85 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv.
Барлық емделіп шығарылғандар – 360, келіп түскені – 394.
Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 792 адам (оның ішінде 105 балалар). Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 235 ( бос төсек-орын саны – 215).
ӨЖЖ – 26, инвазивті емес ӨЖЖ – 93, High flow-да 87 аппарат жұмыс істейді.
5 954 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 278 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 676 симптомсыз.
2021 жылдың 23 сәуір күні вакцинация бойынша ақпарат.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 6 530 адам коронавирус вакцинасын алды.
01.02.2021-22.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 161 953 адам вакцинацияланды.
Бүгінгі таңда 205 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бригадасында 1 827 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.