|
22.04.2021 | 23:24
1066

Алматылықтар ПИК орнына басқарудың жаңа формасын таңдады

Бүгінде бұл бастаманы шаһардағы 720-дан астам үйдің тұрғыны таңдапты

Алматылықтар ПИК орнына басқарудың жаңа формасын таңдады

Енді Алматылықтар пәтер иелері коперативінің орнына басқарудың жаңа формасын таңдауға тиіс. Яғни алдағы уақытта ПИК жұмысы тоқтатылып, көпқабатты үйлерде меншік иелерінің бірлестігі және қарапайым серіктестік жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Ержан Сейтенов мәлімдеді. Бүгінде бұл бастаманы шаһардағы 720-дан астам үйдің тұрғыны таңдапты. Жаңа форманың ерекшелігі –  тұрғындар қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалап, өз үйлерін дербес басқаруға, сондай-ақ оларды күрделі жөндеуге ақша жинауға мүмкіндік алады.

«Басқарудың жаңа нысандары «бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істейді және әрбір үйді басқару бойынша жеке тәсілді қарастырады. Атап айтқанда, ортақ мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді және тұрғындар өз үйін күтіп ұстауға қаражат жинақтай алады», –  деді қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Ержан Сейтенов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир