Ақпан айынан бастап 161 953 алматылық коронавирус вакцинасын алды

23.04.2021 14:59

Бүгінгі таңда 205 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бригадасында 1 827 медицина қызметкерлері жұмылдырылды

Almaty.tv

2021 жылдың 22 сәуір  күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 698  жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 613 симптомдық белгілері бар және  85 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv.

Барлық емделіп шығарылғандар – 360, келіп түскені – 394.

Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 792 адам (оның ішінде 105 балалар). Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  235 ( бос  төсек-орын саны – 215).

ӨЖЖ – 26, инвазивті емес ӨЖЖ – 93, High flow-да 87 аппарат жұмыс істейді.  

5 954 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 278  науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 676 симптомсыз.

2021 жылдың 23 сәуір  күні вакцинация бойынша ақпарат.  

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  6 530 адам коронавирус вакцинасын алды.

01.02.2021-22.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы  161 953 адам вакцинацияланды.

Бүгінгі таңда  205 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бригадасында 1 827 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.