Қазақстанда коронавирус вакцинасының 2-компонентін 5,3 млн адам салдырды

29.08.2021 15:07

Вакцинаның 1-компонентін 6 592 369 адам алған

regnum.ru

Қазақстанда коронавирус вакцинасының 2-компонентін 5,3 млн адам салдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 29 тамызында Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 592 369 адам, 2-компонентін 5 317 112 адам салдырды.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 861 883 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 723 452 адам екінші компонентін салдырған.