Бүгінгі таңда 205 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бригадасында 1 827 медицина қызметкерлері жұмылдырылды
2021 жылдың 24 сәуір күні жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 682 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 611-і симптомдық белгілері бар және 71симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқарам мәліметінше, бір тәулік ішінде – 303 науқас қабылданды, барлық стационардан 187 науқас шығарылды. Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 871 адам (108 бала).
Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы – 254.
ӨЖЖ – 31, инвазивті емес ӨЖЖ – 92, High flow-да 80 аппарат жұмыс істейді.
5 985 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 338 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 647 симптомсыз.
Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 6 415 адам вакцинация алды.
01.02.2021-24.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 176 533 адам вакцинацияланды.
Бүгінгі таңда 205 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бригадасында 1 827 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.