Алматы қаласы «Жас Қанат» АМСК орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қарлығаш Бейсбаева бұл пандемияны тоқтатудың және елге жаңа «омикрон» штамы түсуі мүмкін болса, қорғанудың жалғыз жолы екеніне сенімді. Бұл туралы ол Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде Алматыда ревакцинацияны 55 192 тұрғын алды. Үшінші вакцинацияға ақпан мен наурыз айларында алғашқылардың бірі болып егілгендер келеді. Қарлығаш Бейсбаеваның айтуынша, ревакцинация – медицинадағы қарапайым норма.
«Бұл вакциналанудан кейін алынған иммунитетті сақтауға бағытталған қайта егу. Процедура үдеткіш инъекция деп те аталады, яғни «күшейту». 6 ай өткеннен кейін вакциналанудың толық курсын алған адамдарға бір рет бір дозамен жасайды», - деп түсіндірді «Жас Қанат» АМСК орталығы басшысының орынбасары.
Үшінші вакцинациядан кейін адам ағзасы бактериялармен немесе вирустармен бірнеше рет соқтығысқан кезде онымен қалай күресу керектігін «білетін» нақты антиденелер шығарады.
Мегаполис клиникаларында бар препараттармен қайта вакциналануға болады. Олардың барлығы өз тиімділігін көрсетті. Созылмалы аурулары бар адамдарға ревакцинацияға асығу өте маңызды, оларда коронавирус жұқтырған кезде асқынулар жиі кездеседі.
Қарлығаш Бейсбаева «омикрон» әлемде өте тез таралатынын мойындады, сондықтан дәрігерлердің ұсыныстарына құлақ асып, ревакцинация қажеттілігін еске салады. Жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге вакцинация жасау өте маңызды. Бүгінде Comirnaty компаниясының препаратымен Алматының 28 173 тұрғыны егілді, оның ішінде 1 540 жүкті әйел, 5 612 бала емізетін ана және 21 021 жасөспірім.
«Жасөспірімдер – бұл гормоналды өзгерістер бар балалардың ерекше тобы. Жас балалардан айырмашылығы, олар аурудың жоғары қаупіне ие, сонымен қатар олар әлеуметтік белсенді және инфекцияның қоздырғышы болып табылады. Айта кетсек, коронавирус аясында балаларда ішкі мүшелерге әсер ететін Кавасаки мультисистемалық қабыну синдромы пайда болуы мүмкін, осыған байланысты біз ата-аналармен әңгімелесіп, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді Pfizer компаниясы шығарған вакцинамен вакциналануға шақырамыз», - деп жалғастырды Қ. Бейсбаева.
Оның айтуынша, жүкті әйелдер вакцинаны салыстырмалы түрде оңай қабылдайды. Вакцинацияны жүктілік мерзімі 16-дан 37 аптаға дейін қоюға болады.
Коронавирустың алдын-алу туралы айта отырып, дәрігер Жаңа жылдық мерекелерді үйде өткізуге, ірі компанияларды ұйымдастырмауға шақырды. Вакциналануды жалғастырудағы жауапкершілікті есте сақтау қажет.
Алматыда барлығы бірінші компонентпен 1 071 046 адам, екінші компонентпен – 1 010 938 адам вакциналанды. Егілгендердің жалпы санынан 60 жастан асқандар 123 158 адамды құрайды.