Қала тұрғындарының 20%-ы иммундық қабатты қалыптастырды

27.05.2021 15:38

60 жастан жоғары вакцинацияланған адамдардың жалпы саны 30 626 адам

Almaty.tv.

25 мамырдағы жағдай бойынша вакцинаны 293 928 азамат алды, бұл 14,8% құрайды. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мегаполистегі COVID-19-дың қазіргі жағдайы жөнінде онлайн-брифингте Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

«60 жастан жоғары вакцинацияланған адамдардың жалпы саны 30 626 адам. 12 529 адамға қытайлық Sinopharm вакцинасы егілді. Бүгінгі күні Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың сауда-ойын-сауық орталығында 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 1256 адамнан 307 вакцинация тобы қатысуда. Қалада вакцинаның қалған бөлігі: 1 компоненттен 32 614 доза, 2 компоненттен 109 673 доза», – деді қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.