Елімізде вакцинаның I компонентін салдырғандар 4 млн адамнан асты

08.07.2021 в 15:40

Ал вакцинаның II компонентін 2 283 761 адам салдырған

2021 жылғы 8 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронаврусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырғандар саны 4 020 128 адам болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап. Ал вакцинаның II компонентін 2 283 761 адам салдырған.