Алматыдағы вакцинация: КВИ вакцинасының 1-компонентін 978 588 адам алды

18.10.2021 15:42

119 755 адам 60 жастан асқандар

Almaty.tv

Алматыдағы вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша 2021 жылдың 18 қазанына арналған дерек жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 17 қазанындағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция жұқтырған  318 науқас тіркелді (жергілікті), оның 286 симптомдық белгілері бар және 32 симптомсыз.

Барлық емделіп шығарылғандар – 16, келіп түскені – 67.

Инфекциялық стационарларда (3 179 төсек-орын) жалпы саны  1 368 адам (оның ішінде 28 балалар) емделіп жатыр.  Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  122.

ӨЖЖ – 21, инвазивті емес ӨЖЖ – 66, High flow-да 26 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 971 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 853, симптомсыз 118 науқас бар.

2021 жылдың 18 қазанына арналған ВАКЦИНАЦИЯ бойынша ақпарат

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  КВИ вакцинасының 1-компонентін  572 адам, 2-компонетін 798 адам алды.

01.02.2021-17.10.2021 жыл аралығында қала бойынша  КВИ вакцинасының 1-компонентін  978 588 адам, 2-компонентін 900 519 адам алды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 119 755 адам  60 жастан асқандар

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.