Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдырғандар саны 76 944-ке жетті
Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдырғандар саны 76 944-ке жетті. Мұндай ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
29 қарашадағы жағдай бойынша Pfizer вакцинасын 76 944 адам алған.Оның ішінде 60 325 жасөспірім, 5 284 жүкті әйел және 11 335 бала емізетін ана вакцина алған.
Айта кетейік, кейінгі тәулікте Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 65 адам тіркелді.