|
24.08.2021 | 10:57
2583

Алматыда бір тәулік ішінде 7 746 адам вакцина салдырды

Вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарт кісілер 109 901

Алматыда бір тәулік ішінде 7 746  адам вакцина салдырды coronavirus2020.kz

2021 жылғы 24 тамызға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 505 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1 441, симптомсыз – 64 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар саны – 1 035, келіп түскені – 582.

«Инфекциялық стационарларда 6 104 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 162 бала емделіп жатыр», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 472 адам жатыр. Ал 33 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 190 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 213 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 13 349 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 831 науқас. 518 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  КВИ вакцинасының 1-компонентін  3 971 адам, 2-компонетті 7 746  адам салдырды.

01.02.2021-23.08.2021 жыл аралығында қала бойынша вакцинаның 1-компонентін 845 957 адам, 2-компонентті 684 119 адам алған.

Вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарт кісілер 109 901.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир