«Новая волна» байқауында Mezzo тобы үздік үштікке енді

Dimashnews.com
Dimashnews.com
Төрт жігіттен құралған қазақстандық Mezzo тобы Батырхан Шүкеновтің әнін орындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Новая волна» халықаралық байқауына Қазақстан атынан қатысып жатқан Mezzo тобы сайыстың екінші күнінде де үздік үштік қатарына енді. Бұл жолы төрт жігіттен құралған топ Батырхан Шүкеновтің «Дождь» әнін орындады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Осылайша олар құрамында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бар қазылар алқасының жоғары бағасын алды.

Байқаудың екі күніндегі нәтиже бойынша Mezzo тобы 170 балл жинады. Олар қатысушылар арасында үшінші орында тұр. Ал бірінші орында Saro есімді Армения әншісі бар. Ол тағы да ең жоғары баға алып, 179 ұпай жинады. Екінші орында 173 ұпай жинаған Болгариядан келген Деница Караславова тұр.

Қатысушылар байқаудың алғашқы күнінде әлемге әйгілі әндерді орындаса, екінші күні өз елінде көпшілікке таныс композицияны сахнаға алып шықты.

Dimashnews.com хабарлауынша, байқау басталар алдында қазылар алқасының концерті өтті. Ол жерде танымал әншілер өнер көрсетіп, қатысушыларға мастер класс көрсетті.

Димаш Құдайберген Игорь Крутойдың «Я скучаю по тебе» композициясын автордың сүйемелдеуімен орындады. Көрермен әртісті жылы қабылдады, залда Ресейден және басқа да елдерден көптеген Dears бой көрсетті.

Айта кетері, биыл байқаудың қазылар алқасы құрамында Димаш Құдайбергенмен қатар Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Сергей Лазарев, Artik & Asti, Леонид Агутин және Дима Билан сияқты танымал адамдар бар.

Новости партнеров