COVID-19: Алматыда бір тәулікте 2 340 адам вакцина алды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылдың 30 мамыр  күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 230  жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 178 симптомдық белгілері бар және  52 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық емделіп шығарылғандар – 57, келіп түскені – 56.

Барлық инфекциялық стационарларда (5 940 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 1 752 адам (оның ішінде 63 балалар).

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  130.

ӨЖЖ – 26, инвазивті емес ӨЖЖ – 55, High flow-да 25 аппарат жұмыс істейді.  

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 1 899 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 621, симптомсыз 278 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  2 340 адам вакцинация алды.

01.02.2021-30.05.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы  304 085 адам вакцинацияланды.

Енді қазақстандықтарда үш препараттың ішінен КВИ-ға қарсы вакцинаны таңдау мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 307 вакцинация бригадасында 1 256 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров