Алматыда бір тәулікте 1 014 адам КВИ екпесін алды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 120 519
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 1 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 31 қазан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 206 адам тіркелді (жергілікті), оның 189-і симптомдық белгілері бар және 17-і симптомсыз.

Барлық емделіп шығарылғандар – 14, келіп түскені – 63.

Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 1 039 адам (оның ішінде 35 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 93.

ӨЖЖ – 28, инвазивті емес ӨЖЖ – 35, High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 124 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 2 038, симптомсыз 86 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентін – 409 адам, 2-компонентін 605 адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 31 қазан аралығында қала бойынша  1-компонентін –  995 190 адам, 2-компонентін 928 153 адам вакцинацияланды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 120 519.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров