Алматыда вакцина алғандар саны 953 205 адамға жетті

gov.kz
gov.kz
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 118 172
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 30 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирус инфекциясцының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 30 қыркүйек күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 498 адам анықталды (жергілікті), оның 475-і – симптомдық белгілері бар және 23-і – симптомсыз ауырғандар.

Барлық емделіп шығарылғандар – 178, келіп түскені – 178.

Инфекциялық стационарларда (3 179 төсек-орын) жалпы саны 1 774 адам (оның ішінде 70 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар –  184.

ӨЖЖ – 36, инвазивті емес ӨЖЖ – 85, High flow-да 45 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 4 236 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 4 087, симптомсыз 149 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  КВИ вакцинасының 1-компонентін – 2 252 адам, 2-компонетін 4 150 адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 20 қыркүйек аралығында қала бойынша  1-компонентін – 953 205 адам, 2-компонентін 859 817 адам алды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 118 172.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров