Алматыда бір тәулікте 3 172 адам КВИ екпесін алды

09.11.2021 16:06

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 121 195

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 9 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 8 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 79 адам тіркелді (жергілікті), оның 77-сі симптомдық белгілері бар және 2-і симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 136, келіп түскені – 73.

Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 813 адам (оның ішінде 25 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 90.

ӨЖЖ – 18, инвазивті емес ӨЖЖ – 42, High flow-да 20 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 537 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде  1 468, симптомсыз 69 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 1 435 адам, 2-компонетты  1 737 адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 8 қараша  аралығында қала бойынша 1-компонентті  1 003 255 адам, 2-компонентті 941 821 адам вакцинацияланды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны  121 195.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.