Алматының 200-ден астам егу пункттерінің кез келгенінде екпе алуға болатынын естеріңізге саламыз
Жаппай вакцинация басталғаннан кейін Алматыда елдің арнайы пункттері мен ауруханаларына адамдар екпе жасатуға жазыла бастады. Олардың арасында қазақстандық танымал адамдар да бар. Бүгін «Алматы» СОО егу пунктінде (Назарбаев көшесі) коронавирус вакцинасын тележүргізуші, продюсер Баян Алагөзованың күйеуі бизнесмен Тұрсенғали Алагөзов алды. Біраз уақыт бұрын вакцинациядан Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаеваның отбасы да өткен болатын. Тізімде актерлер мен эстрада әртістері бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әртіс Роза Рымбаева мен оның ұлы Әли Оқаповтың вакцинациядан өткені туралы әлеуметтік желілер арқылы білуге болады. Сәуір айының басында көрермендер залының орнына шығармашылық отбасын Алматы емханаларының бірінде егу кабинеті күтіп тұрды.
Роза Рымбаева мен оның ұлы Әли Оқапов екпе жасауға келгенмен, өздерін сахнада тұрғандай сезінді. Вакцинациядан кейін әртістерді медициналық қызметкерлермен фотосессия күтіп тұрды. Жұлдыздар егу кабинетінің алдыңғы қатарда жүрген медицина қызметкерлерімен ризашылықпен суретке түсті. Енді халық әртісінің отбасы көрермендермен шынайы кездесуге дайын. Бүгінде еліміздің барлық танымал адамдары жаппай вакцинацияның аяқталуын және әдеттегі өмір салтына, сахнадағы қойылымдарға, гастрольдік турларға оралу үшін ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын күтуде.
Роза Рымбаева мен Әли Оқапов вакцина алған күні әнші Диас Аблаев, сондай-ақ модель, әнші Ержан Мұхатаев та екпе салдырды.
Алматы қаласында вакцинациядан өткен барлық танымал адамдар күн сайын жүздеген адамдармен байланыста болғандықтан, адамдарға коронавирусқа қарсы иммунитет қажет деп бірауыздан келіседі.
Тұрсенғали Алагөзов бүгін вакцинациядан өткенін оның жұбайы Баян Алагөзованың инстаграмдағы парақшасынан білуге болады. Продюсер әрі тележүргізуші Live режимінде «Алматы» СОО аумағында егу науқаны қалай өтіп жатқанын түсірген.
«Өте ыңғайлы орын. Біз вакцинацияға келдік. Қазір Тұрсенғали Тұрымұлы тамақтанып алды, дәрігердің сұрақтарына жауап беріп жатыр. Міне, қан қысымын өлшеп жатыр. Енді біз вакцина аламыз, дәлірек айтсам, мен емес,ол. Мүмкін мен де алатын шығармын»,– дейді Баян Алагөзова.
Айта кету керек, 18 жастан асқан барлық адамдар екпе салдыра алады. Вакцинацияның жасқа қарай шектеулері жоқ. Керісінше, вакцинаның тиімділігі дәлелденген. Ол аурудан толық қорғайды.
Жақында коронавирусқа қарсы екпе жасаған қазақстандық актер Жан Байжанбаев әсіресе, созылмалы аурулары бар адамдарға вакцинация жасау туралы ойлануы керек деп санайды. Ол «Спутник» вакцинасына сенім арқанын сұхбатында айтты.