2021 жылғы 7 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 6 желтоқсан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 46 адам тіркелді (жергілікті), оның 41-і симптомдық белгілері бар және 5-і симптомсыз.
Емделіп шығарылғандар – 45, келіп түскені – 23.
Инфекциялық стационарларда (1 434 төсек-орын) жалпы саны 257 адам (оның ішінде 6 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 35.
ӨЖЖ – 10, инвазивті емес ӨЖЖ – 11, High flow-да 6 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 570 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 555, симптомсыз 15 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 2 202 адам, 2-компонентті – 1 951 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-06.12.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 045 874 адам, 2-компонентті 977 763 адам вакцинацияланды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 544.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 17 838 адам, оның ішінде 1 040 жүкті әйелдер, 3 686 емізулі аналар және 13 112 балалар мен жасөспірімдер екпе алды.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.