|
21.09.2021 | 11:11
1654

Алматыда вакцина алғандар саны 931 261 адамға жетті

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 116 774

Алматыда вакцина алғандар саны 931 261 адамға жетті Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 21 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирус инфекциясцының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv

2021 жылдың 20 қыркүйек күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 415 адам анықталды (жергілікті), оның 387-і – симптомдық белгілері бар және 28-сі – симптомсыз ауырғандар.

Барлық емделіп шығарылғандар – 481, келіп түскені – 189.

Инфекциялық стационарларда (5 230 төсек-орын) жалпы саны 2 431 адам (оның ішінде 106 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар –  241.

ӨЖЖ – 48, инвазивті емес ӨЖЖ – 115, High flow-да 76 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 5 353 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде  5 103, симптомсыз 139 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  КВИ вакцинасының 1-компонентін – 2 315 адам, 2-компонетін 3 113  адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 20 қыркүйек аралығында қала бойынша  1-компонентін – 931 261 адам, 2-компонентін 823 333 адам алды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 116 774.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Прямой эфир