|
26.06.2021 | 11:55
827

Жамбыл облысында 96 жастағы әжей вакцина салдырды

Халаяпова Ифрат – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тылда аянбай еңбек етіп, жеңісті жақындатуға барынша үлес қосқандардың бірі

Жамбыл облысында 96 жастағы әжей вакцина салдырды inform.kz

Жамбыл облысында 96 жастағы қарт коронавирус вакцинасын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Шу ауданының Жаңа жол ауылының тұрғыны Халаяпова Ифрат – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тылда аянбай еңбек етіп, жеңісті жақындатуға барынша үлес қосқандардың бірі. Ел басына күн туған шақта ерлерше еңбек майданында тер төккен қарт 8 баланы туып, оның алтауын өсіріп-тәрбиелеп, олардан 13 немере көріп отыр. 

Соғыстан кейінгі жылдары звенода Ифрат апа қызылша егу, баптау жұмыстарында да алдына жан салмаған. Қашанда ширақ қария ешқашан ауылдық емханаға сырқаты жөнінде шағымданбапты. Созылмалы немесе басқа да аурулар бойынша диспансерлік есепте де жоқ. Бүкіл ғұмырын еңбекке арнаған жан үнемі қимыл-қозғалыста болып, салауатты өмір салтын ұстанғанының арқасында әлі де өзін тың сезінетінін айтады. 

«Мен коронавирусқа қарсы екпе салғызып, аурудан сақтануға бел будым, сондай-ақ өзгелерге де зиянымды тигізбеу үшін де вакцина салғыздым», –  дейді әжей.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир