Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 010
2021 жылғы 26 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 25 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 105 адам тіркелді (жергілікті), оның 99-ы симптомдық белгілері бар және 6-ы симптомсыз.
Емделіп шығарылғандар – 50, келіп түскені – 31.
Инфекциялық стационарларда (1 434 төсек-орын) жалпы саны 425 адам (оның ішінде 22 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 51.
ӨЖЖ – 11, инвазивті емес ӨЖЖ – 22, High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 930 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 893, симптомсыз 37 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 1 993 адам, 2-компонетті 1 245 адам вакцина алды.
01.02.2021-25.11.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 029 555 адам, 2-компонентті 965 082 адам вакцина алды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 010.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 10 428 адам, оның ішінде 654 жүкті әйелдер, 2 390 емізулі аналар және 7 384 балалар мен жасөспірімдер вакцина алды.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.