Алматыда бір тәулікте 5 042 адам коронавирус вакцинасын алды

 Almaty.tv
Almaty.tv
Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылдың 21 маусым күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 110 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 91 симптомдық белгілері бар және 19 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық емделіп шығарылғандар – 102, келіп түскені – 28.

Инфекциялық стационарларда (1 730 төсек-орын) жалпы саны 591 адам (оның ішінде 24 балалар).

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  55.

ӨЖЖ – 13, инвазивті емес ӨЖЖ – 21, High flow-да 15 аппарат жұмыс істейді.  

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 940 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 778, симптомсыз 162 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  5 042 адам вакцина алды.

01.02.2021-21.06.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 380 382 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 47 205 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 304 вакцинация бригадасында 1 257 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 69 168  дозасы және екінші компоненттің 101 736 дозасы бар.

Новости партнеров