|
22.06.2021 | 11:54
12760

«Үнді» штаммының белгілері қандай − Ж. Бекшин жауап берді

Нұр-Сұлтанда «үнді» штаммының анықталғанын Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлаған еді

«Үнді» штаммының белгілері қандай − Ж. Бекшин жауап берді Almaty.tv

Алматы қаласының Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «Алматы» телеарнасының «Басты назарда» бағдарламасында Қазақстан аумағында жаңадан анықталған «дельта» үнді штамының белгілері жайында айтып берді.

«Бұл штамм алдыңғылармен бірдей емес. Тек ауру симптомы ғана бірдей. Дегенмен ерекшелігі бар. Мысалы,  қазір біздің Қазақстан аймағында айналымда жүрген «Британдық штаммның» белгілері – бас ауры, бұлшықеттің ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуы, қалтырау, тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, құрғақ жөтел болса, ал үнділік «дельта» штаммының негізгі белгілеріне – өте жоғары дене қызуы, бас пен бұлшықеттің қатты ауыруы, 30 пайызға дейінгі әлсіздік,  мұрыннан су ағу, тамақтың ауырсынуының асқынуы жатады. Бірақ бұл штаммда жөтел, дәм және иіс сезбей қалу белгілері болмайды. Басты айырмашылы,ы осы. Сақтық шараларын сақтаңыздар. Деніңіз сау болсын!» − деп жауап берді Жандарбек Бекшин.

Нұр-Сұлтан қаласында «үнді» штаммының анықталғанын Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлағанын еске сала кетейік.  Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында КВИ-мен ауырған науқастан алынған оң зертханалалық үлгіге ПТР скрининг жүргізу нәтижесінде «дельта» штаммына немесе Үнді штаммына тән ықтиамал мутация анықталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир