|
24.09.2021 | 16:09
777

Қазақстанда тағы 30 жалған вакцинация паспорты анықталды

Ауыл емханасында жалған вакцина паспорттарын 15 мың теңгеге сатқан

Қазақстанда тағы 30 жалған вакцинация паспорты анықталды coronavirus2020.kz

Жалған вакцина паспортын саудалайтындар әлі де тыйылмай тұр. Жамбыл облысы Аса ауылына қарасты емхана қызметкерлері құжатты 15 мың теңгеге сатқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар екпе алмаған адамдарды алды деп көрсетіп, деректер базасына енгізіп отырыпты. Бұл туралы құқық қорғау органдарына жергілікті тұрғындардың бірі хабарлаған. Дерек бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі күдікке ілінгендерді тергеп жатыр. Полиция тексеруі кезінде жалған паспортқа тапсырыс бергендер де анықталады.

«Қаржылық мониторинг агенттігі жалған COVID-19 вакцина паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін дайындау және тарату деректерін анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда Агенттік жалған вакцина паспортын жасаған 30 деректі анақтады», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі Гаухар  Сапарбаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир