Қазақстанда қанша адам вакцина алды

05.05.2021 в 16:30

Еліміз бойынша Алматы қаласы көш бастап отыр

5 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 486 543 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында жариялады.

Бұл ретте вакцинаның екі компонентін қатар салдырғандарың саны 400 740-қа жеткенін айта кету керек.

Вакцина салдырудан бұрынғыдай Алматы қаласы (234 516) мен Алматы облысы (168 234) көш бастап тұр.