Елімізде вакцина алған адамдар саны 893 522 жетті

14.10.2021 16:35

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 119 577

PRIMEMINISTER.KZ

2021 жылғы 14 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясцының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 13 қазанға күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 350 адам анықталды (жергілікті), оның 333-і – симптомдық белгілері бар және 17-і – симптомсыз ауырғандар.

Барлық емделіп шығарылғандар – 146, келіп түскені – 103.

Инфекциялық стационарларда (3 179 төсек-орын) жалпы саны 1 341 адам (оның ішінде 43 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар –  139.

ӨЖЖ – 25, инвазивті емес ӨЖЖ – 78, High flow-да 30 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 004 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 2 871, симптомсыз 133 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  КВИ вакцинасының 1-компонентін – 1 833 адам, 2-компонетін 2 482 адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 13 қазан аралығында қала бойынша  1-компонентін – 973 693 адам, 2-компонентін 893 522 адам алды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 119 577.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.