Алматыда бір тәулікте 4 мыңнан астам адам КВИ екпесін алды

17.11.2021 16:40

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 121 676

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 17 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Емделіп шығарылғандар – 139, келіп түскені – 61.

Инфекциялық стационарларда (1 774 төсек-орын) жалпы саны 664 адам (оның ішінде 16 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 77.

ӨЖЖ – 14, инвазивті емес ӨЖЖ – 38, High flow-да 17 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 227 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 163, симптомсыз 64 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентті 2 202 адам, 2-компонетті  1 814 адам вакцина алды.

01.02.2021-16.11.2021 жыл аралығында қала бойынша  1-компонентті  1 013 983 адам, 2-компонентті 953 075 адам вакцина алды.

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны  121 676.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.