2022 жылғы 19 қаңтарға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 18 қаңтар күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 1 580 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 1 445-і симптомдық белгілері бар және 135-ы симптомсыз.
Емделіп шыққандар – 147, келіп түскені – 195.
Инфекциялық стационарларда (2 380 төсек-орын) жалпы саны 1 139 адам (оның ішінде 154 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 58.
ӨЖЖ – 13, инвазивті емес ӨЖЖ – 18, High flow-да 7 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 7 152 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 6764, симптомсыз 388 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 1 947 адам, 2-компонентті – 1 893 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-18.01.2022 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 090 869 адам, 2-компонентті – 1 038 980 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 636.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 34 583 адам, оның ішінде 1 892 жүкті әйелдер, 7 244 емізулі аналар және 25 447 балалар мен жасөспірімдер вакцина алды.
93 089 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, базарларда және 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 522 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.