Алматыда бір тәулікте 7 мыңнан астам адам вакцина алды

24.06.2021 16:48

01.02.2021-23.06.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 393 529 адам вакцина алды

vlast.kz

2021 жылдың 23 маусым күні жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 186 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 166 симптомдық белгілері бар және 20 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық емделіп шығарылғандар – 73, келіп түскені – 80.

Инфекциялық стационарларда (1 730 төсек-орын) жалпы саны 624 адам (оның ішінде 31 балалар) жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 51.

ӨЖЖ – 13, инвазивті емес ӨЖЖ – 19, High flow-да 16 аппарат жұмыс істейді.  

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 950 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 790, симптомсыз 160 науқас бар.

2021 жылдың 24 маусымға арналған вакцинация бойынша ақпарат  

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 7 307 адам вакцина алды.

01.02.2021-23.06.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 393 529 адам вакцина алды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 53 623 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 304 вакцинация бригадасында 1 257 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Айта кетейік, қала бойынша вакцинаның бірінші компоненттің 65 021 дозасы және екінші компоненттің 95 682 дозасы қалды.