|
24.06.2021 | 22:23
4788

Вакцина алған адамдар ғана мейрамхана, дәмханаға баруы керек − Бақыт Түменова

Жаңа мутация жұқпалы және инкубациялық кезеңі қысқа

 Вакцина алған адамдар ғана мейрамхана, дәмханаға баруы керек − Бақыт Түменова vkrasnoznamenske.ru

Коронавирустың үнді штамы («дельта штамы» деп аталады) Қазақстанға жетті. Жақында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан аталған вирусты жұқтырғандар табылды. Мамандар жаңа мутация өте жұқпалы және инкубациялық кезеңі қысқа екенін айтады. Бұл коронавирустың өзгеріске ұшыраған түрі келіп, қазақстандықтардың жаппай ауыруы мүмкін бе? «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова 365info.kz тілшісіне берген сұқбатында осы және өзге де сұрақтарға жауап берді. Ол бұл вирустан қорғанудың жалғыз жолы вакцина алу екенін айтады. 

− Бақыт Ниязбекқызы, Алматыда коронавирустың үнді штаммын жұқтырғандар  тіркелді. Үнді штаммы пандемияның үшінші толқынын тудыруы мүмкін бе?

− Менің ойымша, бұл штамм өте қауіпті. Қазір жазғы демалыс уақыты. Барлық әуе және теміржолдар ашық, адамдар шетелдерге демалуға кете бастады. Мәскеуде үнді штаммы қазірдің өзінде кең таралып жатыр, ал Ресейден бізге келуі мүмкін. Бізде бірнеше мың шақырымдық ортақ шекара бар. Әрине, бұл алаңдаушылық тудырады. Әсіресе, ескеретін жайт алдыңғы толқынмен салыстырғанда жас адамдар көбірек ауыра бастады. Қазір бүкіл анықталған жағдайдың шамамен 40%-ы 18-49 жас аралығындағы адамдарда екен.

Бұл – ең мобильді топ. Дәл осы адамдар көбірек қозғалады, қарым-қатынас жасайды және т.б. Сонымен қатар, аурудың даму формасы өте ауыр. «Дельтада» инкубациялық кезең әлдеқайда қысқа, ал ол уақыт қаншалықты қысқа болса, ауру соғұрлым асқынып кетеді. Бірінші толқын кезінде ол 14 күн болды, қазір 3-4 күн. Бұл өте нашар көрсеткіш. Олай дейтініміз – ауру формаларының қиын болатынын білдіреді. Сондықтан біз шындап дайындалуымыз керек деп ойлаймын.

− Қалай?

− Біріншіден,  жаппай вакцинациялау керек. Өкінішке қарай, елімізде вакцина алған адамдар саны аз. Бұл дәрігерлердің кінәсі емес. Әсіресе, уақытша тіркеуде тұрған адамдармен проблема бар. Шын мәнінде, ондай адамдар көрсетілген мекенжайларда жоқ, телефонға жауап бермейді, дәрігерлер оларға хабарласа алмай отыр. Жақында мен қалалық денсаулық сақтау қызметкерлері, оның ішінде амбулаториялық-емханалық қызметті басқаратын әкімшілік аудандардың басшылары қатысқан жиналысқа қатыстым. Мен олардан қай жас тобына вакцинация белсенді жүргізілетінін сұрадым. Негізінен егде жастағы адамдар деді. Менің ойымша, бұл бірінші толқында жиі ауырған адамдар. Әсіресе, созылмалы аурулармен ауыратындар. Жастар, керісінше, сол кезде де, қазір де жауапкершілікпен қарамай отыр. «Біздің деніміз сау және жаспыз, біз қорықпаймыз!» − дейді. Менің немеремнің мектебінің ата-аналарымен сөйлесу барысында жақында қай отбасы вакцина алғаны туралы сұраған болатынмын. Ата-аналардың жауабы менің көңілімнен шықпады. Көпшілігі әлі вакцина алмаған. Әрине, пайызын есептеген жоқпын, бірақ түсінікті еді. Кейбіреулері, тіпті, қабылдамайтынын айтты. Яғни, қоғамда вакцинацияға қатысты  теріс көзқарас қалыптасқан. Сондықтан қазір біз тұрғындармен белсенді жұмыс жасап, ақапараттандыруымыз керек. Айтпақшы, вирус бізге алғаш рет Ресейден немесе Қытайдан емес, Еуропадан келді. 

− Айтпақшы, кейбір еуропалық елдерде вакцинация күшпен салынып жатыр. Вакцина алмаған адамдар үшін кейбір шектеу енгізіледі. Бәлкім, біз де осындай шектеулерді қолдануымыз керек шығар?

− Жоқ, мәжбүрлі вакцинация – бұл адам құқығын бұзу. Әркім бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауы керек. Еріксіз егу мүмкін емес, адамға таңдау мүмкіндігі болуы керек. Бірақ ол қоғамдық тамақтану орындарында, мектепте немесе дүкенде жұмыс жасаса, онда ол вакцина алуы керек немесе аурудың асқынған кезеңінде ақысыз демалыс алуы керек. Егер вакцина алмаса, көптеген адамға жұқтыру қаупі бар жерде жұмыс істей алмайды. Қазіргі жағдайда бұл қалыпты жағдай, өйткені іс жүзінде адамдардың өмір сүруі үшін соғыс жүріп жатыр. Бірінші толқында ауруханалар қайта жасақталғандықтан, әдеттегі медициналық көмек көрсету тоқтатылған болатын. Төсек жетіспейтін жағдайда біз оған баруға мәжбүр болдық.

Жалпы кез келген екпеге деген теріс көзқарас проблемасы біздің елде коронавирусқа қарағанда әлдеқайда ертерек пайда болды және соңғы жылдары тек күшейе түсті. Негізінде кез келген вакцинацияға қарсы адамдар өте көп. «Денсаулық туралы» кодекстің жобасы талқыланған кезде, оған қарсы митингілер де ұйымдастырылып, таңқалдырған болатын. Оған көптеген адам қатысқан. Мұндай адамдар, әрине, бізде ғана емес, бүкіл әлемде бар. Олар өзі вакцина алмайды, сонымен қатар басқаларды да вакцина салдырмауға белсенді түрде шақырады.

− Олар сонда өз айыптауларына қалай дәлел келтіреді?

− Дәлелдер таңқаларлықтай керемет. Мысалы, вакциналар бедеулікті тудырады дегенді мен осылардан бірінші рет естідім. Сонымен қатар, балаларда церебралды сал ауруын тудырады, дамудың артта қалдырады, аутизм және т.б. аурулар тудыруы мүмкін деген жалған ақпараттар бар. Ол шындыққа  еш жанаспайды. Бірақ, өкінішке қарай, бұл нәрсеге сенетіндер де бар. Сондықтан бүгін біз тұрғындарды ақпараттандыруымыз керек. Сайып келгенде, әр адам тек өзі үшін ғана жауап бермейді. Қоршаған ортасына да жауапкершілікпен қарауы тиіс.

− Иә, олар іс жүзінде көпшіліктің құқығын бұзады. Бірақ сіз әлі де императивті әдістерге қарсысыз ба?

− Әрине, қарсымын. Жалпы оны қалай жасайсыз?! Күштеп таңу және вакцинациялау бізге керек пе? Біз басқаша әрекет етуіміз керек. Мысалы, мәскеуліктердің тәжірибесін пайдалану. «Сәбіз-таяқша» әдісі бар, оны мәскеуліктер енді қолдана бастады. Мысалы, вакцина алған адамдарға ғана мейрамханаларға, кофеханаларға және барлық сыраханаларға баруға рұқсат етілуі керек. Сонымен қатар, олар пандемияға дейінгідей толық жұмыс істейді. Үйлену тойларына тек вакцинацияланған қонақтар ғана қатыса алады және т.б. Дәл сол кезде 18 бен 50 жас аралығындағы адамдар өз еркімен вакцина алуға барады деп ойлаймын.

− Ресейлік Sputnik V вакцинасы үнді штаммынан қорғай ма?

− Кез келген вакцина жүз пайыз қорғауға мүлдем кепілдік бермейді. Әрбір штаммға қарсы вакцина жасау мүмкін емес. Есіңізде болса, көптеген адамдар жыл сайын жаңа тұмауға қарсы күрес жүргізуге шақырған болатын. Себебі ол да мутацияға ұшырайды. Бірақ бәрібір ауыр түрінің ықтималдығы да, мутацияға ұшыраған түріне де бірдей күрес жүргізіледі. Себебі вирус бастапқы ауыр формалардан жасалған екпе түрінен ғана өледі. Егер вакцинацияланған адам тіпті үнді штаммын жұқтырса да, ауруды жеңу қиын болмайды.

Сондықтан ең бастысы вакцина алу керек. Бүгін ол үшін барлық жағдай жасалған. Бірақ адамдардың құлшынысы бәрібір өте нашар. Біз 60% емес, тіпті 50% -ға да жеткен жоқпыз. Өкінішке орай, үнді штаммы Қазақстанда «мекендеп», ұзақ тұрақтап қалуы әбден мүмкін.

− Елде қатаң карантиндік шаралар, локдаун болады деп ойлайсыз ба?

− Мұның бәрі адамдардың өз өміріне қаншалықты жауапкершілікпен қарайтынына байланысты. Мысалы, мен бірінші толқын кезінде, яғни 2020 жылы ауырған едім. Бірақ мен жақында ғана вакцина алдым. Егер біз қысқа мерзімде жаппай вакцинация алсақ, біз пандемияны толықтай тоқтатар едік. Мысалы, Израиль мен Қытайда бұл мүмкін болды. Ал бізде әлі пікірталас жүріп жатыр. Егер біз толықтай шешімін таппасақ, онда пандемия коронавирус қайта-қайта өзгеріп, бізге айланып келе береді.

− Берген жауабыңызға көп рақмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир