Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 922
2021 жылғы 15 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 14 желтоқсан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясыны жұқтырған 38 адам тіркелді (жергілікті), оның 37-і симптомдық белгілері бар және 1-і симптомсыз.
Емделіп шығарылғандар – 17, келіп түскені – 15.
Инфекциялық стационарларда (1 434 төсек-орын) жалпы саны 185 адам (оның ішінде 7 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 29.
ӨЖЖ – 10, инвазивті емес ӨЖЖ – 11, High flow-да 1 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 337 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және 333 орташа ауырлық дәрежесінде, симптомсыз 4 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 1 277 адам, 2-компонентті – 2 063 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-14.12.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 057 833 адам, 2-компонентті – 992 055 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 922.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 22 411 адам, оның ішінде 1 300 жүкті әйелдер, 4 501 емізулі аналар және 16 610 балалар мен жасөспірімдер екпе алды.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.